ҚҰРАМЫ: ✅ Қамырына: 🔸 Cүт (жылы) 2,5 стақан 🔸 Жұмыртқаның ақуызы - 2 дана (екеуінің сарысын үстіне жағу үшін алып қаламыз ) 🔸 Сұйық май - 1 стақан 🔸 Қант - 1 асқасық 🔸 Тұз - 1 шай қасық 🔸 Ашытқы - 1 асқасық 🔸 Ұн - 4 - 5стақан ✅ Арасына: 🔸 Картоп - 7-8 дана 🔸 Ақжелкен - 4- 5 тал 🔸 Ірімшік (сыр) - 300 гр 🔸 Тұз 🔸 Қара бұрыш 🔸 Сұйық май - 2 асқасық ✅ Үстіне: 🔸 Мак 🔸 Жұмыртқаның сарыуызы ✅ Дайындалуы: Сүт, қант тұз, ашытқы,жұмыртқаның ақуызын, сұйық майды қосып, араластырамыз. Ұн салып, қамырымызды илейміз. Жұмсақ қамыр болуы тиіс. Қамырымыз ашығанша картоптарымызды қайнатып тұз салып пісіріп аламыз. салқындығаннан кейін үккіштен өткіземіз. ірімшікті де үккіштен өткізіп, ақжелкенді турап, ірімшікке салып, араластырып,картоп пен ірімшікті қосып үстіне сұйық май,қара бұрыш және азғантай тұз салып,араластырамыз. Қамырымызды үстелге қойып, 4 бөлікке бөлеміз. әрқайсысын бір қайтара илеп, күлшелеп қоямыз. бір қамырды төрт бұрышты етіп жайып, салмасын салып, орап, кесіп, табаға тізіп,үстіне алып қойған сарыуызымызды жағып,үстіне мак сеуіп шығамыз. 30 минут күтеміз. 30 минуттан кейін ғана пешке саламыз. 180 дәрежеде үсті қызырғанша пісіреміз. Піскен бәліштердің арасында ірімшік болғандықтан еріп тұрады, сондықтан жеп жатқанда ірімшік созылуы мүмкін, сол себепті оны піспей қалған қамыр деп қорқудың қажеті жоқ.

Теги других блогов: рецепт қамыр ақжелкен